Орталық жұмысы – онлайн түрде

(0 Votes)

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында өзіне-өзі қызмет ету аймағы ашылды.

Бұрын кеңесшілер көрсетіп келген қызметтердің біразын енді онлайн арқылы алуға мүмкіндік бар. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы тамыз айынан бастап толықтай жаңа форматқа көшті. Бұл жаңалық еліміздегі цифрландырудың жүргізілуіне орай және қызмет көрсету рәсімдерін жеңілдетуге бағытталған. Кәсіпкер орталықтағы компьютер көмегімен тіркеледі. Ол үшін электронды сандық қолтаңба болуы шарт. Алдымен, өзі туралы мәліметтерді енгізеді, бұл келісімшарт жасау үшін керек. Кейін өзіне қажетті қызметті таңдап, тапсырыс береді. Атап өту керек, қызмет түрі Services.atameken.kz сервисін смартфонға жүктеу арқылы да қолжетімді.

Алайда, бұл ретте қызметтің үш түрі: маркетингтік, бухгалтерлік, салықтық жобаларды сүйемелдеуге орталық кеңесшілерінің көмегі қажет. Сондықтан, аталған қызмет түрі бұрынғы форматта жүргізілуде. Сондай-ақ, кеңесшілер өзіне-өзі қызмет ету аймағында пайдаланушыларға көмек береді. Бастапқыда бірқатар қиындықтар туындауы мүмкін. Дегенмен, болашақта ұсыныстар ескеріліп, онлайн-қызмет жетілдіріліп отырады. Кәсіпкерлер палатасының мамандары қызмет алушыға әрқашан да көмек көрсетуге дайын.

Алдағы уақытта әр кәсіпкер өз үйінде немесе кеңседе отырып-ақ тапсырыс беретін болады . Жаңа форматқа аудандық кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары да түгел көшті. Атап өтетін жайт, тұрғын жайға қарамастан онлайн қызметті кез-келген қалада тұрып та алуға болады. Осыған орай, Атырау облысы, Құрманғазы ауданының кәсіпкерлік палатасының директоры Ұ.Өтегенов өз-өзіне қызмет ету аймағына келешекте сұраныс артатынын алға тартады.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521