Орман және дала өртінің алдын алайық!

(0 Votes)

Өңірімізде ауа температурасының айтарлықтай көтерілуі – орман-дала алқаптарының аумағында өрт қауіпті кезеңі басталғаны деген сөз.

Табиғат өрттердің туындау қаупін азайту мақсатында қауіпсіздікті қатаң түрде сақтаған жөн:

- Жанып жатқан сіріңкелерді, темекі шегетін түтіктерден ыстық күлді табиғат аясында лақтыруға болмайды;

- Қылқан жапырақты жас шыбықтарда, ескі жанарғыларда, бүлінген орман учаскелерінде, қураған шөп бар жерлерде от жағуға болмайды;

- Шыны ыдысты өзімен бірге алып кету керек. Өйткені, күн сәулесі шыны арқылы өтіп, құрғақ шөптерді өртеуі мүмкін;

- Алауды жағу кезінде ені төрт метрден кем емес минералдандырылған жолақпен көмкерілген алаңдарда жүзеге асырылады. Отты пайдаланып болған соң, оған мұқият топырақ себіледі немесе жану толық тоқтатылғанға дейін су құйылады. Жел қатты соғып тұрса, от жағуға болмайды;

- Оттың орман және дала алқаптарынан елді мекендерге көшуіне жол бермеу керек. Ол үшін елді мекендердің аумағындағы жанғыш қоқыстарды сыртқа шығару қажет.

Ең бастысы, табиғи өрт пайда болған жағдайда дереу өртке қарсы қызметке 101, 112 телефондарына жедел түрде хабарлауды естен шығармағандарыңыз абзал.

Қуаныш Достыбаев,

аудандық №7 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі, азаматтық қорғау сержанты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521