Офицер, сержант болғыңыз келсе...

(0 Votes)

Еліміздің Қарулы Күштерінің офицерлерін және кіші құрам сержанттарын дайындайтын әскери оқу орындары саусақпен санарлықтай.

Атап айтқанда Құрлық әскерлерінің әскери институты мен Радиоэлектроника және байланыс институты Алматы, Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты Ақтөбе қаласында орналасқан. Ал, бөлімше командирлерін басқаратын кәсіби сержанттар дайындайтын бірден-бір оқу орны бұл Ш.Уәлиханов атындағы Кадет корпусы. Аталмыш әскери оқу орындарын әр жылдары бітірген біздің ауданның түлектері қазіргі күні өз кәсіби мамандықтары бойынша еліміздің әр түкпіріндегі Қарулы Күштеріміздің әскери бөлімдерінде абыроймен өтеп жүр.

Бұған қоса қазіргі күні еліміз бойынша азаматтық оқу орындары жанынан офицерлік бағдарлама бойынша оқып бітірген офицерлерді де «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасыының 2012 жылғы 16 ақпандағы №561-IV Заңының 32 бабын басшылыққа ала отырып, 2 жыл мерзімге әскери қызметке шақырамыз. Сонымен қатар сарбаздар мен сержанттар құрамына 19 бен 29 жас аралығындағы әскер қатарына барып келген ер азаматтарды Атырау, Бейнеу, Ақтау қалаларындағы Құрлық, Әуе қорғанысы, Әскери-теңіз күштерінің бөлімдеріне тұрақты түрде келісімшарт бойынша әскери қызметке бағыттаймыз.

Әскер қатарына барып келген азаматтардың да Қарулы Күштеріміздің әскери оқу орындарына түсуіне болады. Оны бітірген соң жұмысқа орналасуына 100 пайыз кепілдік бар.

А.Шарипов, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің әскерден тыс даярлық жөніндегі инспекторы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521