Өнерлі бүлдіршіндеріміз көбеюде

(0 Votes)

Балабақша тәрбиеленушілерін ауыз әдебиетінің үлгілерімен таныстырып, олардың бойына адамгершілік пен ізгілікті, мейірімділік пен қайырымдылықты сіңіру тәрбиеші-педагогтардың міндеті.

Қазіргі ақпараттық технология жоғары дамыған заманда балаларға халқымыздың мөлдір бұлақ бастаулары – ертегілері мен жырларын «Мерей» балабақшасының ұжымы біраз жұмыстар атқарып отырғанын мақтанышпен айтуға болады.

s

Атап айтсақ ауданымызда өткен «Айгөлек» балалар шығармашылығы фестивалінде «Мерей» балабақшасының бүлдіршіндері оркестрден, мәнерлеп оқудан және Бөгенбай батырдың ерлік дастанын сахналаудан бас жүлде алды. Облыстық «Айгөлек» балалар шығармашылығы фестивалінде аталған балабақшаның тәрбиеленушілері оркестрден, мәнерлеп оқудан Бекарыс Сағатжан үшінші, Бөгенбай батырдың ерлік дастанын сахналаудан «Ең үздік қойылым» аталымын иеленіп, бірінші орын алды. Қойылымда өзінің шебер ойынын көрсетіп, көрерменін тәнті еткен Бексұлу Игорқызы «Ең үздік роль» аталымына қол жеткізді. Жас дарындарға өнеге беріп, оларды ауданымыздың абыройын асқақтатқан өнерге баулыған тіл маманы Сайрангүл Мырзағалиева мен көркемдік жетекшісі Гүлмира Қалымова.

s

«Бағбанның бақшасын көр де жемісін үз», дегендей жас өркеннің жайқала өсіп, тамыр жаюы жолында еңбектеніп жүрген балабақша қызметкерлері алға қарай да биіктерден көріне береріне сенімдіміз.

Айнұр Алдешова, ата-ана.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521