Өнер мектебінде өнегелі іс бар

(0 Votes)

Құрманғазы бабамыздың өршіл рухты күйлерінен қуат алып, Жұмекеннің жырларын жаттап өскен ұрпағымыз халқымыздың өшпес мұрасы өнерге өріс ашып, бұл күнде тарихи тұлғаға айналған, сайрап өткен замана бұлбұлдарын жарқырата көрсетуде.

«Асыл тастан, өнер жастан» демекші күн өткен сайын қарыштап дамып келе жатқан Тәуелсіз еліміздің болашағы – білімді де өнерлі жастар. Осыған орай Дина Нұрпейісова атындағы балалар өнер мектебінің шәкірттері мен ұстаздары ұжымының 2017-2018 оқу жылы ішінде атқарған жұмысын қорытындылау, мектеп өміріне белсенді араласқан ата-аналармен талантты шәкірттердің өнерін ұлығылау мақсатында «Өнерге қанат қаққандар» атты есептік концерт ұйымдастырылды. Алғашқы сөз өнер мектебінің жылдық жұмысының қорытынды есебі бойынша баяндама жасау үшін мектеп директоры Милана Қадырқызына берілді:

– Өнер - адамзаттың рухани азығы , жан серігі, тілмен айтып жеткізе алмайтын ұшқыр қиялы, нәзік сезімі. Өнер өзінің көркемдігі және нәзіктігімен адам жанын баурап, шығармашылық қабілетті дамытады. Педагогикалық тәжірибеде өнермен шұғылданатын оқушылардың ой өрісі кең, білімге құштар, ортада белсенді, талғамы жоғары болып келетіні айқын. Осы мақсаттарды іске асыруда биылғы оқу жылы фортепиано -38 оқушы, скрипка – 3 оқушы, домбыра -98, баян-8, хореография -66, бейнелеу өнері -26, ән салу -3 мамандықтары бойынша барлығы 242 оқушы қосымша білім алса, олардың 78-і – оқу үздіктері, 145-і – оқу екпіндісі болды. Өнер мектебінің педагогтары балаларға қосымша білім мен саналы тәрбие беруде үнемі ізденіс үстінде. Бұның нәтижесінде шәкірттер аудандық, облыстық, Республикалық, Халықаралық байқау-сайыстардың жеңімпаздары болды, – деп өнер мектебі мен ауданның мерейін өсірген лауреаттардың есімдерін атап өтті.

Сонымен қатар, аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлфара Өтемісқызы, ауданның мәслихат хатшысы Болат Теміржанұлы және ауданның қоғамдық кеңесінің төрағасы Жұмақай Мұғалұлы өнер мектебінің нәтижелі еңбек жолына алға қарай да сәттіліктер тіледі. Ата-аналар атынан Т.Амангельдин мен В.Закиева өнер мектебінің ұжымға алғыс хат пен естелік сыйлықтарын табыс етті. Оқу, өнер барысында жетістікке жете білген мектеп түлектері Н. Хайрбекова, Н. Амангельдин, А.Саламат, А.Сатыбалдықызы, А.Құзайырова, А.Мубарак, Б.Ғаділхан, Ж.Елемес, А.Сайфенов, Н.Мүбаракова, Ш.Ғалымғали, А.Лұқпанов, А.Қаhарманова, Г.Шапиева, З.Гайсаева, Д.Дидарбекова, Б.Идаятов, Б.Әдебиетов, Б.Героев, Қ.Шнайбекова, А.Сатауова, Р.Маратова, А.Өтеп, Л.Турсунахунова, А.Ануарбековаға аттестат табысталды. Оқу үздіктері мен мектептің қамқоршыларына айналған ата-аналар да марапатталды. Сондай-ақ, өнер додаларына жүлдегер оқушыларды дайындаған музыка теория пәнінің ардагер ұстазы В.Петровна, Г.Кенжешова, Г.Шаменова, фортепиано мамандығының оқытушылары А. Нұрлыбаева, Г. Ниеталиева, халық аспаптар мамандығы бойынша Б.Сұлтанмуұратов, А. Қабдолова, Н.Мусина, Т.Ибрашева, М.Бахишева, Г.Сидағалиева, Б.Оразова, хореография бөлімінен Б.Ислямова, шертер мамандығы бойынша Ә.Нұрғалиев, бейнелеу өнерінің оқытушылары А.Хамзина, Ғ.Рысқалиева, жас маман Г.Бисенғалиеваның нәтижелі еңбектері аталып ұлығыланды.

Ақтілек АБАЙҚЫЗЫ,

журналистика мамандығының 2 курс студенті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521