«Назар аударыңыз, жаяу жүргінші!»

(0 Votes)

Ауданымызда қауіпсіздікті арттырып, жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында осындай атаумен кең ауқымды жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді.

Үстіміздегі жылдың тоғыз айында ауданда жаяу жүргіншілердің қатысуымен 5 жол-көлік оқиғасы орын алды. Оның салдарынан 1 адам көз жұмып, 4-еуі дене жарақатымен ауруханаға түсті. Өкінішке орай, олардың екеуі кәмелет жасына толмағандар.

Жаяу жүргіншілермен болатын жол-көлік оқиғалары көбіне-көп рұқсат етілмеген жерлерден жақындап қалған көліктің алдынан кесіп өтулері салдарынан орын алады. Бұл олардың қозғалыс тәртібі мен мәдениетін білмейтіндігін көрсетеді. Іс-шара барысында жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған жаппай ақпараттық-насихат компаниялары ұйымдастырылды. Полиция қызметкерлері көшелерде, жол бойында, аялдамаларда, сондай-ақ, адамдар көп шоғырланатын аймақтарда түсіндірме қағаздарын таратты. Мұндай жадынамалар автокөлік жүргізушілеріне де беріліп, ескертілді. Мектептерде, балабақшаларда болып оқушылармен, тәрбиеленушілермен кездесті.

Айта кетейік, жолдың арнайы белгіленбеген аумағынан өткен жаяу жүргіншіге 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Ал, сол жолақтарға тоқтамай, жол бермеген жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 600 бабына сәйкес 10 айлық есептік көрсеткішке сәйкесті айыппұл төлейді. Жыл басынан бері мұндай құқық бұзушылық жасаған 123 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды.

Осы орайда айтарымыз, жолда жүру ережесін білу, оны сақтау жүргізушіге де, жаяу жүргіншіге де ортақ. Алдағы уақытта, құқық бұзушылықты болдырмай, жолда байқап жүріңіздер, өзіңізді және айналаңыздағыларды кездейсоқ оқиғаның құрбаны ете көрмеңіздер!

А.Ғабдолов,

АІІБ ЖПҚ қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету тобының аға инспекторы, полиция майоры.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521