Нөмеріңіз төтенше жағдайға дайын ба?

(0 Votes)

Апат айтып келмейді, бірақ оқыс оқиғалардың алдын алуға болады.

Сіз өрт болған жағдайда 101 қызметіне телефон шаласыз. Кейде байланыс желісінің ақаулығына байланысты ұялы телефоныңыз тіркелмеген аймаққа түсуіңіз ықтимал. Алайда абдырамаңыз, өз аумағыңыздан тыс жерге түсіп тұрсаңызда өртке қарсы қызметке телефон шалып қауіп төнгендігі туралы мұқият хабарлаңыз. Себебі барлық өртке қарсы қызметінің байланыс торабы рация арқылы 24 сағат бірге болады. Орын алған төтенше жағдайды баяндап, қойылған сұраққа нақты, толық жауап беруге тырысыңыз және міндетті түрде селолық, ауылдық аймақ болса көше атауын айтуды ұмытпаңыз. Ең бастысы қауіп төнген жерде адамдардың, соның ішінде балалардың бар екендігін ескертіңіз. Бұл ретте тілсіз жау орын алған жерде жарылу қаупі бар заттар, тез тұтанатын сұйықтар, жанғыш газ және әсері күшті улы нәрселердің бар екендігін де айтуды ұмытпаңыз.

Сіз 101 қызметіне қоңырау шалып бөлімнің қатер төнген жерге қашан жететінін, қай жерде келе жатырғанын біле аласыз. Себебі жолға шыққан жеке құраммен үнемі байланыста болатын диспетчерлер яғни радиотелефоншылар бұл жөнінде сізге дәл ақпарат жеткізіп отырады. Ескерте кететін жайт шақырту орнына жеткен жеке құрамға жауынгерлік борышын орындауға кедергі келтірмеген жөн, бұл төнген қауіптің алдын алуға зиян келтіреді.

Өрт басындағы жеке құрам тасымал радиостанция арқылы радиотелефоншымен үнемі байланыста болады, қауіпті мейілінше сейілту үшін аталған ережелерді ұстанған жөн. Жоғарыда аталғандай тілсіз жау айтып келмейді, сол себепті ұялы байланыс операторыңыздың міндетті түрде тіркеулі болуын қадағалаңыздар.

Мөлдір Сайфуллина,

Құрманғазы аудандық №7 Өрт сөндіру бөлімінің радиотелефоншысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521