«Өмірді сақтау қолыңда, жол тәртібін орында!»

(0 Votes)

«Нұршуақ» бөбекжай балабақшасында «Қауіпсіз жол жүрісі» апталығына байланысты іс-шара жоспары жасақталып, бүлдіршіндердің жолда жүру ережелерін, көшедегі жолды бағдарлай білу дағдыларын қалыптастыру мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізілді.

Атап айтсақ, «Айгөлек» ортаңғы тобында тәрбиеші Жазира Жұматаева мен көмекші Шынар Мұғалімованың ұйымдастыруымен «Өмірді сақтау қолыңда, жол тәртібін орында» атты ертеңгілігі МАИ қызметкерлерімен кездесу түрінде өтті. Ол алты кезеңді қамтыды. Алғашқысында, балалар бағдаршамның түстері, жол белгілері туралы тақпақтар айтса, ойындар, сұрақ-жауап, жағдаяттарды шешу келесі кезеңдерде жалғасын тапты.

МАИ қызметкерлері Асылбек Сейітқазиев, Нұрсұлтан Садықов тәрбиелік мәні зор шараға жоғары бағаларын беріп, бөбектерге жолда жүру, қауіпсіздік ережелерін тағы да қайталап түсіндіріп, тәжірибелік тұрғыда көрсетті. Кездесу соңында балабақша меңгерушісі Асылзада Сиражева келген қонақтарға ұжым атынан зор ризашылығын білдірді.

«Нұршуақ» бөбекжай балабақшасы әкімшілігі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521