Мінсіз қызмет иелері марапатталды

(0 Votes)

С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде мемлекеттік қызметшілер күніне орай салтанатты шара ұйымдастырылды.

Оны аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Наурызбай Бисенғалиев пен өнарпаз Жазира Сәрсенғалиева жүргізді. Алдымен мультимедиалық экран арқылы сала ардагерлері, мемлекеттік қызметшілер, жас мамандардың мерекелік лебіздері тыңдалды.

i

Еліміздің Әнұраны шырқалғаннан кейін аудан әкімінің міндетін атқарушы Өркен Тәжібаев мемлекеттік қызметтің миссиясы халыққа адал қызмет ету және еліміздің ұлттық мүддесін тиімді қорғай білу екенін атап өтіп, сала ардагерлері мен бүгінде көзге түсіп жүргендердің есімін құрметпен атап, олардың бір тобына марапат табыстады. Атап айтсақ, Атырау облысы әкімінің алғыс хатымен Асан ауылдық округі әкіміаппаратының бас маманы Мақсат Мырзағалиев, облыстық мәслихаттың алғыс хатымен аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Зияда Жоламанова аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Абдуррахман Муса, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Алмас Мұқашев, Сафон ауылдық округінің әкімі Роза Хамзаева,«НұрОтан» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Ожаевтың алғыс хатымен Теңіз, Байда ауылдық округтерінің әкімдері Анарбек Баймұханов, Бекес Сәрсенғалиевті ұлығылады. Сонымен қатар, аудан әкімінің, мәслихаттың алғыс хатымен де бір топ қызметкерлер марапатталды.

i

i

i

i

Мерекеге орай мемлекеттік қызметшілер арасында спорттың футбол, волейбол, стритбол, кір тасын көтеру, армреслинг және үстел теннисінен өткен аудандық спартакиадада жалпыкомандалық есепте жүлделі ІІІ, ІІ, І орындарды иеленген №7 өрт сөндіру бөлімі, аудандық білім бөлімі, аудан әкімдігінің командаларына кубоктар мен дипломдар тапсырылды. Құрманғазы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Айгүл Ғайнеденова сөйлеп, аға буынның ісін жалғастырып, елге адал қызмет етуге әзір екендіктерін жеткізді.Мәртебелі мамандықтың баспалдағының алғашқы сатысына қадам басқанЖаңаталап ауылдық округі әкімі аппарының бас мамандары Салтанат Сапарова мен Алқам Закарин өз қызметтерін жауапкершілікпен атқаруға, халқына адал қызмет етуге ант беру рәсімдерін орындады. Салтанатты шара соңы көрерменіне көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған мерекелік сазды бағдарламаға ұласты.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521