«Мерейлі отбасы» байқауының аудандық кезеңі өз мәресіне жетті

(0 Votes)

С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде «Мерейлі отбасы» байқауы аудандық деңгейінің қорытынды шарасы өтті.

Оған тұтастай бір өңірге үлгі болып отырған 11 шаңырақ қатысты. Мақсаты – отбасылық құндылықтарды нығайту, өнегелі, тату жанұя иелерін насихаттау.

Алдымен жүргізушілер Болат Бидоллаев, Гүлзада Жұмалиева байқау қатысушыларымен салтанатты түрде таныстырып, олардың өңірге сіңірген еңбегін, атадан балаға жалғасқан кәсібін, ұрпақтарының жетістіктерін, отбасылық ұстанымдарын айтып өтті. Алғашқы құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімі Қайрат Нұртаев аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның шешімімен үміткерлерді түрлі номинациялармен ұлығылады.

Асандық Қазихан Құсановтар «Еңбекқор отбасы», Жаңаталап ауылдық округінен Мүслім Қисаевтар «Берекелі отбасы», ақкөлдік Саламат Қабдоловтар «Өнегелі отбасы», орлылық Сайфолла Жанғалиев «Ұлағатты отбасы», нұржаулық Оразғали Алғаязов «Қазыналы отбасы», дыңғызылдық Нұржан Хасанов «Өнерлі отбасы», құрманғазылық Ғазиз Шигаев «Ынтымақты отбасы» номинацияларымен марапатталды. Ал Сафон, Құрманғазы ауылдық округтерінен Файзолла Жұмақашев, Бекболат Қаражанов отбасы ІІІ дәрежелі дипломға ие болса, Құрманғазы ауылдық округінің тұрғыны Меңдіхан Бақтыгереев отбасы ІІ орыннан көрінді. Жаңаталап ауылдық округінен қатысқан Сираж Ибраев отбасы байқаудың жеңімпазы атанып, облыстық кезеңге жолдама алды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге естелік сыйлықтар мен гүл шоқтары табысталды. Марапаттау салтанаты соңы С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының қатысуымен өткен мерекелік концертке ұласты.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521