Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі

Аудан тынысы

Аудан әкімдігінің жоспарына сәйкес Мақаш ауылдық округінің «Морской» ауылдық мәдениет үйінде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі» өтті.

Аталмыш жәрмеңкеге аудандық білім, аудандық экономика және қаржы, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу, аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, аудандық сәулет және қала құрылысы, аудандық жер қатынастары бөлімдері, аудандық жұмыспен қамту орталығы, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕ АҚ Атырау облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету бойынша» департаментінің Құрманғазы аудандық бөлімі және «Азаматтарға арналған үкімет» КЕ АҚ Атырау облысы бойынша филиалы «Әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша» Құрманғазы аудандық бөлімінің білікті мамандары қатысты. Жәрмеңкені Мақаш ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Т.Базарғалиева ашып, жұмыс барысына сәттілік тіледі.

Аудан әкімі аппаратының мемлекетік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау және ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Мейіржан Ғұмаров өз хабарламасында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің адам өміріндегі барлық салаларды қамтитынына тоқталып, жәрмеңкенің аудан орталығынан шалғай орналасқан ауыл тұрғындарына мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ашық, қолжетімді, сапалы көрсету және әр сала бойынша тұрғындарға кеңес, толғандырған проблемалық мәселелерге жауап беру мақсатында ұйымдастырылып отырылғандығын атап өтті.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жәрмеңкесінде» қызмет алушыларға әр мемлекеттік органдар өздері көрсететін мемлекеттік қызметтер жайлы кеңестер беріп, жадынамалар таратты. Қатысушыларға тиісінше мемлекеттік қызметтер көрсетілді. Аталған жәрмеңке жыл басынан бері Ақкөл, Еңбекші және Орлы ауылдық округтерінде өткізілген болатын. Келер жылы ол ауданның басқа ауылдық округтерінде жалғасын табады.

Қанат ҒҰМАРОВ