Мамыр мейрамында

(0 Votes)

Жұмекен ауылында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай шеру ұйымдастырылды. Мерекелік шараны Еңбекші ауылдық округінің әкімі Қ.Ғаббасов құттықтау сөзімен ашты.

Бұдан соң округ жанындағы аналар кеңесінің төрайымы А.Хамитова, ардагерлер ұйымының төрағасы Ғ.Қалиевтер сөз алып, жиналған жұртшылықты достықтың, бірліктің мерекесімен құттықтады. Еңбекші орта мектебінің оқушылары алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдерінің жетекшілігімен сап түзеп жүріп өтті. Келесі кезекте «Ақтолқын» балабақшасы бүлдіршіндерінің әндерін шырқап бейбітшіліктің символы ақ көгершінді аспанға ұшыруы өте сәтті шыққан көрініс болды. Әр еңбек ұжымдарының шеруін тақырыптық безендірілген автокөліктер бастап жүріп отырды. Концерттік бағдарламада ауыл өнерпаздарымен бірге Калинин селолық клубының қызметкерлері ән мен күйден шашу шашып, түрлі қойылымдар көрсетті.

А.НӘЖІМОВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521