Мамандық таңдай білмеу – жұмыссыздыққа әкеледі

(0 Votes)

Астанада ЭКСПО-2017 «Нұр әлем» көрме кешенінің павильонында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атты Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімі басталды.

Іс-шараға еліміздің бетке ұстар, озық ойлы, креативті, көшбасшы жастары қатысты. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев оларды бәсекеге қабілетті болуға шақырып жұмыссыздық мәселесіне алаңдаушылық білдірді. «Жастар саясатындағы негізгі мәселе – жұмыспен қамту. Статистикаға сүйенсек, бүгінде әлем бойынша 18-30 жас аралығындағы 300 миллион адамның тұрақты жұмысы жоқ. Ғалымдардың болжауынша, 2050 жылы бүгінгі таңдағы мамандықтардың 50%-ын жасанды интеллект алмастырады. Бұл мамандықтардың ішіне саудагерлер, жүргізушілер, call орталықтың қызметкерлері, заңгерлер мен экономистер кіреді. Ал ғалымдар, топ-менеджерлері, мәдениет қайраткерлері, IT саласының мамандарын және жоғары категориялы дәрігерлерді жасанды интеллект алмастыра алмайды» - деді. Қазіргі қарыштап дамып келе жатқан әлем өркениетінің негізі – сапалы оқу біліммен тығыз байланысты екендігі баршамызға аян.

ХХІ ғасыр – техниканың кең қанат жайған кезеңі. Тіпті робот және ақпараттық технологиялар барлық салаға дендеп ене бастады. Бұл өз кезегінде еңбек өнімділігін арттырғанымен, өндіріс орындарында біраз жұмысшы күшін қысқартуға түрткі болуда. Жалпы, бұл үдеріс әлемде еңбек нарығына біршама өзгеріс әкелуде. Ғалымдар қазірдің өзінде бұрынғы ескі мамандықтар жойылып жатқанын айтуда. Оның орнына жұмыс берушілер тарапынан әмбебап кадрға деген сұраныс артуда.

Сондықтан, Мемлекет басшысы өз сөзінде бүгінгі жастар арасында жұмыссыздықтың орын алуы жұмыстың жоқтығымен емес, қажет мамандықты таңдай білмегенімен байланыстырды. Мен де Елбасының бұл пікірін толықтай қуаттаймын. Біз сияқты еліміздің келешегі жастардың «ауырдың үстімен, жеңілдің астымен» жүруге тырыспай, өмір бойы білім алып, білек сыбана адал еңбек ете білуге дағдыланатын уақыты келді.

Рүстем Тоқаев,

Абай атындағы жалпы орта мектептің мұғалімі,

«Үздік жастық жігері үшін» номинациясының иегері.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521