Малға жарық шағылыстырғыш жолақтар салу керек

(0 Votes)

Ауылымызды және жалпы ауданды басып өтетін жолдың сапасы мен қауіпсіздігі басты назарда болып, жүргіншілердің діттеген жеріне аман-есен жетуіне барлық жағдай жасалуы керек.

Үлкен жолдың бойын жағалай қоныс еткен елді-мекендер де көп. Әрине, ауыл-аймақ болған соң тұрғындар есік алдына бірді-екілі мал ұстап, соның өнімін тұтынып отырамыз. Қолдағы малды қораға қамап отырмайтынымыз тағы да белгілі. Таңертең үй ауласынан асыра айдап жіберген ірі қарамыздың кешке дін аман қайта келуін тілеп қала береміз. Ал, бақылаусыз, бақташысыз жайылған малдың қайда жүргенінде шаруамыз шамалы. Жол жағасында орналасқан ауыл малдары кейде күре жолдың бойында жайылып, жүргіншілерге қауіп туғызып тұратыны көпшілікті алаңдатарлық жағдайға жеткізді. Әдетте, жол-көлік оқиғалары жүргізушілердің біліксіздігі немесе салғырттығынан, күре жолдың қиын өткелдері мен ауа-райының қолайсыздығынан туындайды. Бірақ соңғы уақытта тас жолдың бойына төрт түлік малдарының шығып кетуінін кесірінен болып жатырған жол көлік оқиғалары көбейіп кетті және де сол оқиғалардың 90 пайызы түнгі уақытта орын алады.

Мақұлықтардың жол қозғалысына кедергі келтіру фактілері Құрманғазы ауылында де жиі тіркеледі. Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің мәліметіне сүйенсек, күре жолында мұндай апаттар көп орын алады екен. Өйткені жол бойында мал шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтары көп. Апатты жағдайлардың алдын алу үшін көршілес Маңғыстау облысында түнгі уақытта малдарды көру үшін, оларға жарық шағылыстырғыш жолақтар (светоотражающая лента) тағу үрдісі іске асырылып, күні бүгінге жақсы нәтиже беріп отыр. Жол-көлік оқиғасына жиі себепкер болатын жылқы және түйе түлігіне қараңғыда жарық шашатын лента байлап қою туралы ұсынысты тәртіп сақшылары да қолдапты. Жылқыны үйірімен, түйені келесімен, сиырды табынымен бағатын шаруа қожалықтары үшін бұл идея күлкі шақыруы мүмкін. Бірақ, жол апаттары мен күре жолдағы адам өлімі осы қарқынмен өсе беретін болса, ойлануға тура келеді. Қазір екінің бірінде жүйіткіген темір тұлпар. Үлкен жылдамдықты еш қиындықсыз еңсеруге қауқарлы автокөлікті жолда кілт тежей қою мүмкін емес. Сондықтан тұрғындар бағымсыз жүрген малға бейжай қарамай, белгі, жарық шағылыстырғыш жолақты бірден көреді. Қазіргі автокөліктердің фарының жарығы мықтығой, бірден көреді. «Малым – жанымның садағасы» дейтін қазаққа төрт түліктен теперіш көру сын болып тұр. Жарық шағылыстырғыш жолақтар салынса қанша аппаттың алдын алуға болады. Сіздерге осы ұсыныстарымды жеткізе отырып, аз ғана қаржыны жұмсамай, одан да зор шығынға ұшырап қалмайық дегім келеді. Адам да аман, мал да сау болсын десеңіз осы ұсыныстарды назарға алуыңызды сұраймын.

М.Мұғалім, Құрманғазы ауылдық округінің әкімі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521