Мақсатымыз – халықтың сенімінен шығу

(0 Votes)

Мемлекеттік қызметші билік пен халық арасындағы алтын көпір іспеттес.

Олардың әрқайсысының міндеті – тұрғындармен тығыз қарым-қатынаста болу, сапалы жұмыс жасау.

Бүгінде Мақаш ауылдық округінде тұрғындарға жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру, шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалды ұсыну сияқты мемлекеттік қызметтің екі түрі көрсетіледі. Округ бойынша 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында жеке қосалқы шаруашылығы бар екендігі жөнінде 6 анықтама берілді. Шалғайда орналасқан Иманов, Қарақұл, Көкарна елді мекендерінен округ орталығындағы Әбу Сәрсенбаев атындағы орта мектепке 2018-2019 оқу жылында тасымалдануға 96 азаматтан өтініш түсіп, олар қанағаттандырылды.

Округ көлемінде мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына округ әкімшілігі тарапынан ұдайы, тұрақты түрде көңіл бөлінеді. Биліктің бір тармағы болып табылатын округ әкімі аппаратында мемлекеттік қызметкерлер халықтың мұң-мұқтажын жоғары билік органдарына жеткізуші тұлға болып табылады. Мемлекеттік қызметші өз жұмысын адал және лайықты орындап, халықтың сенімін ақтай отырып, заңдар мен этиканы қатаң сақтау керек. Сонда ғана оның беделі жоғары болмақ.

Айымгүл Жаманқұлова,

Мақаш ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521