Мақсатым - болашақ чемпиондарды тәрбиелеу

Аудан тынысы

"Нұр Отан" партиясы жетекші саяси ұйым ретінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық тұрғыда дамуына ықпал етіп келеді.

Қазіргі таңда партия съезі мемлекетік даму тарихымыздың ең бір жауапты кезеңіне тұспа-тұс келіп отыр.

Съезде әлеуметтік жағынан аз қамтылған, жағдайы төмен отбасылар мәселесі басты назарда болады деп сенемін. Көп балалы ата-аналарға жәрдемақы мөлшерін ұлғайту мәселесі қарастырылуы қажет.

Биыл Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елімізде "Жастар жылын" жариялады. Түрлі жобалар қабылданды. Сондықтан, атаулы жыл аясында жастарға кәсіптік білім алу, бизнес бастау, өзінің ісін кеңейту бағытымен бірге, жас отауларды ұлықтау мәселесі де назардан тыс қалмаса деймін. Жастар жылының Астана қаласындағы ресми ашылуында Президенттің алдында басты мақсаттарымның бірімен бөліскен едім. Өзімнің туған өлкем Атырау қаласына Еркінқала ауылында спорттық нысан салып, болашақ чемпиондарды тәрбиелегім келеді. Жастар жылы аясында осындай бастамаларға қолдау болады деп сенемін.

Ержан СӘЛІМГЕРЕЕВ,

чемпион.