Мүгедек балаға күтім жасаса...

(0 Votes)

2018 жылдың 2 шілдесінде Қазақстан Республикасының «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданды.

Оның негізгі жаңалығы – 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтім жасайтын адамдарға арналған жаңа жәрдемақыны енгізу туралы қарастырылғандығы.

«Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 28.06.2005 жылғы Заңының 9-2-бабына сәйкес бала кезінен бірінші топтағы мүгедек немесе оның заңды өкілі оған күтімді жүзеге асыратын адамды ауыстыру туралы өтінішпен күнтізбелік жыл ішінде екі реттен асырмай жүгінуге құқылы.

Отбасында екі және одан көп бала кезінен бірінші топтағы мүгедек тұрып жатқан жағдайда, олардың күтіміне байланысты әрқайсысына жәрдемақы тағайындалады және төленеді. Осы баптың 3-тармағына сәйкес бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыру:

1) Күтімді жүзеге асыратын адам мен бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің бір елді мекенде бірге тұруын;

2) Қанағаттандыру қажеттігі тәулігіне бір және бір реттен көп туындайтын бірнеше реттелмейтін зәру қажеттілікті орындау үшін (жеке гигиенаны сақтауда, киіну, тамақ ішу, физиологиялық қажеттерін орындау, тұратын жерінен межелі пунктке дейін және қайтар жолда алып жүру және басқалар кезінде) күтімді жүзеге асыратын адамның бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке көмегін көздейді. Бұл жәрдемақының көлемі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,05 мөлшерін немесе 29 699 теңгені құрайды. Ол бірінші топтағы мүгедекке қарап отырғандарға беріледі және әкесі не анасының күтім жасаған кезеңдері зейнетке шыққанда еңбек өтілі болып есептеледі.

Сонымен қатар, бұл ғаріп жандар жеке оңалту бағдарламалары шеңберінде медициналық-әлеуметтік көрсеткіштерге сәйкес қажетті құралдармен және қызметтермен қамтамасыз етіледі.

Н.Үмбеталин, аудандық прокуратураның прокуроры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521