Ұлттық жаңғыру мейрамы

(0 Votes)

Нұршуақ» бөбекжай балабақшасында «Ұлттық жаңғыру мейрамы - Наурыз» деген айшықты атаумен ертеңгілік өтті.

Жаңару, ынтымақ пен ырыстың мерекесі атанған бұл күннің маңыздылығы бүлдіршіндерге түсіндірілді. Қазақтың мамыражай тіршілігін суреттеген шапан жамылған ақсақалдар мен ақжаулықты әжелер киіз үй төрінен орын алды. Көрермендерге наурыз көже ұсынылып, шашу шашылды.

Бағдарламаға орай балабақша тәрбиеленушілері көктем туралы өлеңдерін айтып, өз өнерлерін ортаға салды. Аудандық білім бөлімінің басшысы Г.Құбаева ізгі тілегін білдірді. Балабақша меңгерушісі А.Сиражева белсенділік танытқан қызметкерлер мен ата-аналарға үлкен ризашылығын жеткізді.

А.Шакупова.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521