Әлеуметтік нысандардың жағдайымен танысты

(0 Votes)

 Аудан әкімі Қайрат Талапұлы Нұртаев Құрманғазы ауылдық округіндегі әлеуметтік нысандарды аралап, жағдайымен танысты. Ауданымыздың жаңа басшысы аралауды аудандық орталық емханадан бастады.

Салынып жатырған жаңа емхана құрылысының басына барып, жұмыс барысымен танысқан аудан әкімі Қ.Нұртаев мердігер мекеме өкілі Амангелді Сырмахановпен әңгімелесіп, құрылыс материалдарын қайдан алып жатырғанына қызығушылық танытты. Мердігер мекеме өкілі жергілікті жастардың жұмысқа құлқы жоқ екенін айтып, реніш білдірді.

–Жергілікті жердің адамдары да осында жұмысқа тартылуы тиіс. Тұрғындар үшін отбасынан алыста еңбек еткеннен үйінін кіріп-шыққан тиімді, - деді аудан әкімі мердігер мекеме өкілінің мұндағы 150 адамның 12-сі ғана жергілікті жерден екенін естіген соң.

Келесі кезекте Шипажай мөлтек ауданында болдық. Болашақта бұл жерде 400 үй салынады. Инфрақұрылымның 95 пайызы бітіп тұр. Су, газ, электр желісі тартылып, асфальт жол салынған. Табиғаты әдемі жерде орналасқан бұрынғы шипажай ғимаратын аралап көрген аудан әкімі Қайрат Нұртаев оның туризмді дамытуға сұранып тұрғанын айтты.

– Орналасқан жері тамаша, іргесінде өзен ағып жатыр. Ертең Атырау-Астрахань тас жолы біткеннен кейін әрлі-берлі өткен туристердің, өзіміздің тұрғындардың демалуына қолайлы жер екен. Жағасында отырып қармақ та салуына болады. Жол бойына «Шипажай» демалыс орыны», деп белгі қойсақ мұнда келушілер көбейеді. Ғимараттың ішінен қонақтар үшін 1-2 VIP нөмір ашсақ, ауданға ат басын бұрған қадірменді қонақтарымыз осында тынығады. Кәсіпкерлерді жинап ақылдасайық, қайсысы жақсы жоба ұсынса соған сенімгерлік басқаруға берейік, - деді.

Толығырақ газетімізден оқи аласыздар

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521