Көше көркі – тал

(0 Votes)

«Бір күндік ағаш отырғызу күні» акциясы шеңберінде тал-терек егу жалғасу үстінде.

Өткен сенбілікте аудан әкімдігі және Құрманғазы ауылдық округі аппараты, «Серпер» газеті редакциясы Самаркин мөлтек ауданындағы автокөлік жолы іргесіндегі аллеяға ағаш отырғызды.

Айта кетейік, бұл жерде алты-жеті жыл туырысында «Сұңқар» ЖШС егіп, баптаған ақ қайыңдар үш қатар болып сап түзеп тұратын еді.

Көкке таласа бой көтерген сұлу қайыңдар белгісіз себептермен өзінен-өзі солып сала берді. Бүгінде бір-екеуі ғана жартылай көктеп тұр. Сол қурап қалған теректер түбірімен жұлынып алынып, жаңа өскінге алмастырылды. Саябақтарға ағаш отырғызу Орлы ауылдық округі сияқты орталықтан шалғай елді мекендерде де жалғасын тапты.

А.НӘЖІМОВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521