Көпбалалы аналарға құрмет

(0 Votes)

Көктемнің шуақты мерекесі қарсаңында аудандық балалар кітапханасында Құрманғазы ауылдық округі әкімі аппараты, аналар кеңесі біріккен түрде көпбалалы аналармен кездесу өткізді.

Дастархан басына жиналған нәзік жандыларды алдымен округ әкімі Мұрабек Мұғалім құттықтап, мерекелік лебізін білдірді. Еркін әңгіме-дүкен құрысып, ашық ой-пікірлерін ортаға салған қонақтар бауырларынан өрбіген балалары, отбасылық жағдайлары туралы хабардар етті. Олардың ішінде «Алтын алқа» иегері атанған жас аналар мен бірге немере-жиен сүйіп отырған әжелер де бар. Атырау облысы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» кеңесінің Құрманғазы ауданы бойынша төрайымы Ақтілек Хамитова, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Балғаным Хасенова халқымыз әйел затын әрдайым айрықша құрметтегенін тілге тиек етіп, әрбір отбасына жылылық, шаттық және қуаныш тіледі.

Соңында ауыл әкімі М.Мұғалім 15-ке жуық аналарға құттықтау хат пен естелік сыйлықтар табыстады.

А.Шакупова.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521