Индираның әні, кештің сәні

(0 Votes)

Қандай шараның да көркін кіргізетін әсем ән мен тәтті күй, төгілген би.

Бұл жолы Балықшылар күніне қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Индира Расылханның арнайы шақыртылуы ақ айданнан су маржанын сүзгендер үшін аудан басшылығы тарапынан жасалған үлкен сый болды деп айта аламыз. Индира сахна төріне көтерілгеннен-ақ бала біткен төңірегіне жиналып, әсем әнге толқындай толқып тұрды. Әнші қарапайымдылығынан танбай сахнадан түсіп, алдыңғы қатарда отырған үлкендерге көрісіп шықты. Кейбір көрермендер сүйікті әншілерін қошеметтеп, ортаға шығып билеп те кетті. Балықшылар күніне аудан өнерпаздары да жақсы әзірленіпті. Олар дайындаған түрлі нөмірлерге бай концерттік бағдарлама да көңілден шықты.

i

i

Аудан әкімі Қ. Нұртаев жәрмеңке өтіп жатырған жерлер мен құрылған киіз үйлерді аралап, үлкендермен сәлемдесті. Мерекелік дастарханда ауыл ақсақалдары мен балықшылар, кооператив пен серіктестік басшылары сөйлеп, өткізілген шараға жоғары баға беріп, аудан басшылығына алғысын жеткізді. Өз тарапынан аудан әкімі Қайрат Талапұлы мерекелік шараның ойдағыдай шығуына атсалысып, басы-қасында жүрген орынбасарлары Өркен Тәжібаев пен Жастілек Хасановқа, аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Зияда Жоламановаға, басқа да басшы-қосшыларға, шақыртуды қабыл алып алыстан ат арытып келген эстрада жұлдызы Индира Расылханға ризашылығын білдірді.

i

i

i

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521