Қиғаш бойы туризмге сұранып тұр

(0 Votes)

Рухани жаңғыру аясында балалар мен жастарды отаншылдық сезімге тәрбиелеу, экспедициялық жасақтардың туристік қызметін жандандыру жолымен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында екі күнге созылған туристік жасақтардың аудандық слеті өтті.

Слеттің бірінші күні 11 мектептен қатысқан 12 команда оқушылары «Команданың визит карточкасы» байқауы сайысының нәтижесі бойынша өлкетану блогынан ІІІ орынды Абай жалпы орта мектебінің оқушысы Бексұлтан Серікбол мен Имашев жалпы орта мектебінің оқушысы Дария Қайырғалиева алды. Жүлделі ІІ орынды Энгельс жалпы орта мектебінің оқушысы Ақтілек Халимуллаева мен Манаев жалпы орта мектебінің оқушысы Диана Нұршайқызы иемденді. Ал, Ақкөл жалпы орта мектебінің оқушысы Алтын Аманғали мен Алтынсарин жалпы орта мектебінің оқушысы Нұрхат Сиражев үздік жұмыс көрсетіп,І орыннан көрінді. Өлкетану блогында жақсы жұмыстары үшін Асылай Нұғманова (Гагарин), Айсәуле Болатова (Сарсенбаев), Жалғасбай Махуов (З.Серікқалиұлы) Алғыс хатпен марапатталды.

Келесі экология блогынан жүлделі ІІІ орынды Гагарин жалпы орта мектебінің оқушысы Арман Аташев мен Энгельс жалпы орта мектебінің оқушысы Аружан Мекаян алса, ІІ орынды Еңбекші жалпы орта мектебінің оқушысы Шакира Сарсембаева мен Ақкөл жалпы орта мектебінің оқушысы Диана Нұршайқызы иемденді. Абай жалпы орта мектебінің оқушысы Дильназ Разихова бен Алтынсарин жалпы орта мектебінің оқушысы Нұршат Наурызбай үздік жұмыс көрсетіп, І орынды жеңіп алды.

Экология блогында жақсы жұмыстары үшін Гаухар Абсалиева (Сәрсенбаев), Мөлдір Мерпахаева (Манаев), Альфия Мусағалиева (Еңбекші) Алғыс хатпен марапатталды.

Жарысты еңбек ардагері, журналист, өлкетанушы Асқар Ғұмаров, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы, ардагер ұстаз Жұмақай Ғұмаров және аудандық оқушылар үйінің бұқаралық бөлім меңгерушісі Ұлан Иманғалиев қадағалап отыр

Аудандық слеттің екінші кезеңі туристік блок жарысымен жалғасын тауып, дала жағдайында өтті. Жарысқа аудан мектептерінен 9 команда қатысты. Әр команда құрамы 3 ұл, 1 қыз баладан тұрды. Қатысушылар арнайы туризм мамандары дайындаған спорттық-туристік кедергілерден өтіп, өзара күш пен бақ сынасты.

Жарыс қорытындысы бойынша Гагарин, Манаев, Ломоносов жалпы орта мектептері мен З.Серікқалиұлы атындағы мектеп-интернатының құрама командалары жақсы нәтижелері үшін Алғыс хатпен марапатталды. Жүлделі ІІІ орынды Абай, ІІ орынды Еңбекші,І орынды Ақкөл жалпы орта мектебінің командалары жеңіп алды.

Жас туристер бекетінің директоры Алмажи Өтегенов 2 күнге созылған аудандық слеттің қорытынды сөзін сөйлеп, шараның жақсы деңгейде өткендігін тілге тиек етті.

Нұргүл СҰЛТАНОВА, «Жас туристер бекеті» КММ бөлім меңгерушісі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521