«Ерлік – елге, мұра, ұрпаққа – ұран»

(0 Votes)

Ұлы жеңістің 74 жылдығына орай Еңбекші округінде осындай тақырыппен жүрек тебірентерлік салтанатты шара өткізілді.

Осы ауылдан соғысқа аттанып, майданнан оралмаған боздақтарға арналған ескерткішке тағзым етіп, гүл шоқтары қойылды. Олар: Еңбекші жалпы орта мектебі, Атырау облыстық өкпе аурулары санаториясы, «Ақтолқын» балабақшасы, Ауылды таза ауыз сумен қамту мекемесі болып одан әрі жалғасын тапты. Ауыл имамы Ізбасар қария боздақтарға арнап құран-дұға бағыштады.

Салтанатты шара одан әрі ауылдың мәдениет үйінде жалғасын тапты. Қанқұйлы соғыстың адамзат баласына әкелген зор қасіреті баяндалды. Өнерпаздар Жандос Нуриденовтың, Рустам, Рафаэль Шамбузовтардың, Заря Қуанышқызының, Альфинур Мұқарованың, Жалғас Сағындықовтың, Бақытжан Сариевтың шырқаған майдан және патриоттық тақырыптағы әндері тұла бойды шымырлатты десе де болады.

Құрманғазы ауданының «Құрметті Азаматы» Қанат Айтжанұлы ұзақ жылғы еңбегін бағалап, осындай құрмет үшін аудан әкімі Қайрат Нұртаевқа, аудандық Мәслихат хатшысы Болат Жүгінісовке өзі үшін қуана білген барлық ауылдастарына зор алғыс айтып, ризашылық сезімін білдірді.

Т.Дәрелұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521