«English for jastar» жобасы бастау алды

(0 Votes)

«Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының мәжіліс залында төрағаның бірінші орынбасары Өмірболат Есенғазиев «English for jastar» жобасы аясында ауданымызға келген еріктілерге сәттілік тіледі.

Оқушылардың ағылшын тілі деңгейін арттыру мақсатында «Жас Отан» Жастар қанаты және «Болашақ» қауымдастығы 2018 жылдың тамыз айында «English for jastar» жобасын іске қосқан болатын. Атырау облысы бойынша бұл бағытта жұмыс жасауға 12 ерікті ниет білдірген. Аталмыш жоба күні бүгін Исатай, Индер, Махамбет, Мақат және Жылой аудандарында жүзеге асуда. «English for jastar» партиялық жобасы 2 ай мерзімге есептелген. Еріктілер 20 қыркүйек пен 20 қараша аралығында ауыл балаларымен жұмыс жасап, олардың ағылшын тілін меңгеруін қамтамасыз етіп, сөйлеу машығын дамытуға атсалысады.

Жоба аясында облыс көлемінде 500-ден астам балаға курс ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бұл Елбасының үштұғырлы тіл саясаты мемлекеттік бағдарламасын қолдау мақсатындағы «Нұр Отан» партиясының қосқан өзіндік үлесі. Жобаға ағылшын тілін меңгеруі Intermediate деңгейінен кем емес, орыс және қазақ тілдерінде еркін сөйлей білетін еріктілер тартылуда. Ауданымызда осы игі істі жүзеге асыруға Бегәлиев атындағы жалпы орта мектептің мұғалімі, жас маман Тоғжан Каримолла мен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің 3 курс студенті Інжіл Ғаділбекова келіп, Бегәлиев атындағы жалпы орта мектептің жанынан ашылатын арнайы курсқа жетекшілік жасамақшы. Күні бүгін мектептің 9,10, 11 сыныптары арасында 60 оқушы бұл тамаша мүмкіндікті пайдаланғылары келеді.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521