«Ел таңдаған Елбасы»

(0 Votes)

Тұңғыш Президент күні – еліміздің тарихында айрықша мәні бар ерекше күн.

Өйткені, егемендікке енді қол жеткізген кезеңде ел тағдырын сеніп тапсыра алатын, елді өркендетіп, дамытатын көшбасшы сайлап алу және Елбасыға лайықты ұлтжанды тұлғаны адаспай табу Тәуелсіздікке енді қол жеткізген ел үшін аса маңызды еді. Сондай тұлғаны адаспай сайлағанымыздың арқасы болса керек, 27 жылда еліміздің жеткен жетістігі аз емес. Осыған орай, аудандық орталықтандырылған кітапханада «Ерен Елбасы – кемел көшбасшы» атты ақпарат сағаты ұйымдастырылды. Жүргізуші С.Қайырова Мемлекет басшысының сарабдал саясаткер, ұлт көшбасшысы ретіндегі қайраткерлік қарымы мен тұлғалық келбеті туралы жан-жақты айтып өтті.

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Ө.Есенғазиев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы О.Құмарғалиев, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Б.Хасенова Елбасының ерен еңбегіне тоқталып, мерекелік құттықтауларын жеткізді. Мүгедектер қоғамының төрағасы Ғ.Құспанов ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» туралы мақаласы жөнінде тағылымды ой өрбітіп, еліміздегі көне қалалардың тарихы, «қазақ» сөзінің шығу тегі туралы әңгімеледі. Кітапханашы Ж.Жасқайырқызы «Ел таңдаған Елбасы» тақырыбындағы кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады. Одан әрі, Абай атындағы жалпы орта мектептің бір топ оқушылары ақындардың Ұлт көшбасшысына арнаған өлеңдерін оқыды.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521