Егілуден қашқандар емге зар болады

(0 Votes)

Атырау қаласындағы «Шағала» қонақ үйінде «Балалар мен жасөспірімдер арасында туберкулез профилактикасы мәселелерін БАҚ-та жариялау» атты журналистерге арналған үш күндік медиа-тур тренинг ұйымдастырылды. 

Мақсаты мен міндеті түсіндірілді

5

Оның негізгі міндеттері – отбасы мен қоғам үшін екпеден бас тартудың салдарын түсіндіру, тілшілерді «Теңізшевройл» ЖШС қаржыландыратын, «Хоуп» халықаралық жобасы іске асыратын «Атырау қаласының балалары мен жасөспірімдері арасында туберкулез профилактикасы мен емдеу бойынша жоғары тиімді іс шаралар енгізу» жобасымен таныстыру, БАҚ-та туберкулез дертінің өзектілігін жеткізу.

Екпеден бас тарту – туберкулездің ауыр түріне шалдықтырады

Алматы қаласынан келген дәрігер-рентгенолог, жобаның үйлестірушісі Жанна Тұрсынбаева туберкулез ауруы Орта Азия елдері бойынша Қазақстанда көп кездесетінін айтып, оның бір себебі соңғы уақытта екпеден бас тарту белең алғандығына, ал олар мұндай дертті жұқтырған жағдайда ауыр түріне шалдығатынына алаңдаушылық білдірді. Осыған байланысты қоғамның, ата-аналардың екпеге деген көзқарасын өзгерту, ауруды жұқтырмаудың әдіс-тәсілдерін, науқас адамның өзін-өзі ұстау әдебін үйрену туралы дәрігерлік ақыл-кеңесімен бөлісіп, тыңдаушылардан БАҚ-тың халық арасындағы туберкулез профилактикасындағы рөлін, журналистердің бұл тақырыпта мақала жазудағы жеке тәжірибелерін сұрады. Жарияланған материалдарға талдау жасалынып, нені жақсарту қажеттігі топта талқыланды. Өкпе туберкулезімен ауыратын науқастардың қорқу себептері, ауыртпалықтың қағидаттары, кемсітушілік деңгейлері, әлеуметтік жұмылдыру жөнінде егжей-тегжейлі түсінік берілді.

Ауруханамен танысу

3

Бағдарламаға сәйкес тренингтің соңғы күні Атырау облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің бүгінгі жай-күйімен танысу болды. БАҚ өкілдері алдымен сырқатқа шалдыққан балалар жатқан ауруханаға бас сұғып, фтизиопедиатр Қаршыға Құлмағамбетовпен тілдесті. Мұнда 14 жастағы жасөспірімнен бастап 2 жастағы сәбиге дейін ем алуда. Бұдан кейін, курс тыңдаушылары облыстық өкпе туберкулезі диагностикасының рентген құзірет орталығы, бактериологиялық зертханасының мамандарымен кездесіп, жұмыс барысынан хабардар болды. Аталған зертханада дертті анықтаудың бірнеше әдістері қолданылады екен. Диагностиканың да заманауи тәсілдері 2008 жылдан бастап енгізілген. Бұлар дәріге төзімділігі бар туберкулез түрінің тез және дәл диагностикасы науқасқа дер кезінде ем жүргізуге көмектеседі.

Тыңдаушылар сертификатқа ие болды

1

"ХОУП" жобасының өкілдері И.Юскаева тренинг қатысушыларына бұл тақырып бойынша қандай мақалалар жазу керектігі жөнінде кеңес беріп, алынған сан түрлі мағлұматтар бойынша олардың алдағы уақытта не жоспарлайтынын сұрады. Одан әрі, сауалнамалар толтырған тілшілерге тренингтің үш күнгі қорытындысы бойынша "ХОУП" жобасының Аруна Жүнісова сертификат тапсырып, естелік суретке түсті.

4

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521