Ең кәрі сайлаушы өз аяғымен келді

Аудан тынысы

№171 сайлау учаскесі «Мерей» бөбекжай балабақшасында орналасыпты. Мұнда 87 жастағы ең кәрі сайлаушы Еділбай Айтжанов таңертең өз аяғымен келіп, саяси белсенділігін көрсеткен.

Сайлау учаскесі ашылған сәтте алғашқы болып ауыл тұрғыны Майра Жанғалиева дауыс берді.

1980 жылдардан бастап осындай қоғамдық шараларда белсенділік танытып келетін білім саласының ардагеріРита Өтепқалиева бастаған комиссия құрамы өз жұмыстарын ұқыптылықпен атқарып жатқандарына куә болдық.Сайлау жәшігімен үйлерді аралап, денсаулығы бойынша келе алмаған 12 адамға дауыс беру мүмкіндігі жасалған.

i

«Аманат» азаматтық платформасынан Жанаргүл Мұңайтпасова, Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді өкілі Дана Нұрғалиева, «Бюджеттік аналаиз бен экономикалық мониторинг орталығы» қоғамдық қорынан Еркінбек Халенов сынды бақылаушылар дауыс берудің заң талаптарына сай жүріп жатқанын қаперге берді. - Сайлау учаскесінде барлық жағдай жасалған. Тұрғындар өз мүмкіндіктерін пайдалануда, ешқандай кедергі жоқ. Тіпті, учаске кабинетіне дейін жақсы таңдалған. Бұл келген халыққа да, бақылаушыларға да өте қолайлы. Осыған сай сайлау ашық түрде өтіп жатыр, - дейді «Тәуелсіздік таңы – Желтоқсан» республикалық қоғамдық бірлесітігінен байқаушы Айболат Гумаров.

i

Елдің тағдырына бейжай қарай алмайтындығын тұрғындар анық байқатып, сайлаудың алғашқы үш сағатында 1166 адамның 300-ге жуығы өз таңдауларын жасап үлгерді.

А.Шакупова