Денсаулық фестивалі

(0 Votes)

Аудандық білім, денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт бөлімдерінің ұйымдастыруымен «Денсаулық фестивалі – 2019» акциясы аясында жасөспірімдер арасында күзгі кростан жарыс өтті.

Мақсаты — денсаулықты сақтау мен нығайту, дұрыс тамақтану тәртібін сақтау, зиянды әдеттерден аулақ болу, салауатты өмір салтын ұстануға жас ұрпақтың назарын аудару.Кросқа 15 мектептен 320-ға жуық оқушы қатысты. Тәуелсіздік алаңында өткен акцияда аудандық аурухананың бас дәрігері Гүлсара Мүтиева сөз алып, көпшілікті спортпен айналысуға шақырды. Ұзақ жасаудың құпиясы — қозғалыс. Қимылдаған сайын дене белсенділігі артады, қан айналымы жақсарады. Сондықтан жастар дені сау боламын десе, денешынықтырумен айналысуы керек, - деді.

img_4885

img_4889

img_4890

Акцияда аудандық емхананың медицина қызметкерлері балалардың бойлары мен салмақтарын, қан қысымдарын өлшеді. Түрлі дәрігерлік кеңестер берілді.

img_4896

img_4904

img_4907

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521