Бос орындар жәрмеңкесі

(0 Votes)

С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде аудандағы мемлекеттік мекемелерге бос орындар жәрмеңкесі өтті.

Онда аудан әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметінің, аудан бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының, аудандық статистика басқармасының, аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының, ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті аудандық аумақтық басқармасының өкілдері бос орындар туралы ақпараттарын беріп, оларға қойылатын талаптар, қызметке кіру тәртібі, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестілеудің бағдарламалары мен қағидалары және заңнамалық көмектер туралы жан-жақты түсіндірді.

j

Сондай-ақ, жәрмеңке алдында Құрманғазы аудандық ішкі істер бөлімі кадр жұмысы жөніндегі тобының аға инспекторы, полиция подполковнигі Альберт Бисенғалиев ішкі істер органдарының жоғары оқу орындарына түсудің артықшылықтары бағытында мағлұматымен бөлісті.

– Ішкі істер министрлігінің Алматы академиясы, Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы, Қостанай Академиясы жас мөлшері 25-тен аспаған орта білімді талапкерлерді қабылдайды. Полицияның жоғары оқу орындарына қабылдау екі кезеңнен тұрады, біріншісі медициналық, физикалық және психикалық көрсеткіштерді қамтыса, екіншісінде комиссия тыңдаушылар қатарына таңдау жүргізеді, - деген ол алдағы өмірін қоғам сақшысы қызметіне ниет білдіргендердің жеке сұрақтарына жауаптарын берді.

А.НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521