Осындай тақырыппен «Мерей» бөбекжай балабақшасында зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында дөңгелек үстел өтті.
Оны балабақша меңгерушісі Ж.Мұратова ашып, өзекті мәселеге орай пікірін білдірді. Психолог Л.Насипова тақырыпқа орай жан-жақты мағлұмат беріп, қатысушыларға дайындаған бейнероликті ұсынды. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Ө.Есенғазиев, АІІБ ЖПҚ ЮПТ-ның полиция майоры Ж.Бектеміров, аудандық білім бөлімінің бас маманы Э.Молдағалиевақоғамдағы зорлық-зомбылыққа қатысты орамды ой-пікірлерін ортаға салды.
Балабақша тәрбиешілері қабырға газеттерін қорғады. Дөңгелек үстелді психолог Л.Насипова қорытындылап, шараға келген қонақтарға зор ризашылығын білдірді.
Надежда Караменова,
«Көгершін» тобының ата-анасы