«БІЗ БАҚЫТТЫ БАЛАМЫЗ»

Аудан тынысы

№5 Психологиялық, педагогикалық түзеу кабинетінде «Біз бақытты баламыз» атты кеш өтті.

Шара барысында балалар өз өнерлерін ортаға салып, әсем би билеп, ән мен тақпақтар айтты. Ата-аналар да ұйымдастырылған түрлі ойындарға қатысып, белсенділік танытты. Ауданымыздың өнер жолында жүрген азаматтары Мейрамбек Мамбетов, Жанболат Атаев, Толыбай Қажыгереев, Сәкен Сайфеденов, Қуаныш Қаженов, Аманбек Жанболатов, Аманбек Ғалиев, Нұрлан Абуев оларды әсем әуенмен сүйемелдеп, ән шырқап, тәтті сыйлықтар беріп, демеушілік жасады. Олардың жұмыстарына шығармашылық табыстар тілейміз.

Бибінұр Альжанова, №5 психологиялық, педагогикалық түзеу кабинеті педагогы.