Билер кеңесінде

(0 Votes)
Құрманғазы аудандық сотының жанында «Билер кеңесі» құрылған болатын, ол консультативтік-кеңесші орган.

Өз қызметінде Кеңес Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін,  өзге де нормативтік-құқықтық актілерді және Ережесін басшылыққа алады. Кеңестің негізгі міндеттері медиация институтын біріктіру, билер соты институтын қайтару және азаматтық, қоғамдық бірліктің қағидаты негізінде қазақстандық бірегейлікті жетілдіру, Мәңгілік ел бүкілхалықтық патриоттық идеясын жүзеге асыру. Аймақтағы қалыптасқан жағдайларды, сонымен қатар, әлеуметтік және өзге де дау-жанжалдарды шешу бойынша талдау жүргізеді.

Кезекті кеңес мәжілісінде оның төрағасы Өмірзақ Қажымғалиев қысқаша хабарлама жасап, отбасы тыныштығын бұзатын келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында тәрбиелік мәні зор іс-шараларды, қайырымдылық істерді ұйымдастыру туралы ұсыныстарын жеткізді. Мәжілісте кеңес мүшелері де өз ой-пікірлерін ортаға салып, соңында жасақталған жұмыс жоспары негізінде тапсырмалар беру жөнінде қаулы қабылданды.
З.Хидуллин, еңбек ардагері, кеңес хатшысы
 
 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521