Белсенділік танытуымыз қажет

(0 Votes)

Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат пен қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі.

Оны жою мақсатымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң аясында бірқатар іс-әрекеттер жүзеге асырылуда. Десек те, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан кез келген ортада пара беру мен оны алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.

Кей мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың дендеуіне септігін тигізуде. Осыған орай мемлекеттік қызмет ұжымдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары өз өкілеттігі шегінде кадр, бақылау, заңгерлік және басқа да қызметтерін тарата отырып, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.

А.Қойшыбаева,

Құрманғазы аудандық пробация қызметі бөлімінің инспекторы, әділет аға лейтенанты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521