Батырлар аллеясында

(0 Votes)

Бұдан кейінгі салтанат боздақтарға арналған ескерткіш маңында жалғасын тапты.

Мәңгілік алау жалыны сонау сұрапыл соғыс жылдарында құрбан болғандарды еріксіз еске түсірді.

Соғыста шейіт болғандарды бір сәт еске алған үнсіздіктен кейін аудан әкімі мен аудандық ардагерлер кеңесі атынан, Чернобыль апаты зардабын жоюшылар қоғамдық бірлестігі, Ауған соғысы ардагерлерінің қоғамдық бірлестігі, Тәжік-Ауған шекарасындағы жауынгерлік қимылдарға және әскери қақтығыстарына қатысушылардың республикалық қоғамдық бірлестігі, аудан бойынша филиалы, аудандық мәслихат және депутаттары, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі, Ганюшкин шекара заставасы, аудандық сот, аудандық ұлттық қауіпсіздік комитеті, аудандық полиция, аудандық төтенше жағдайлар бөлімшесі және №7 өрт сөндіру бөлімшесі, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі, аудандық жұмыспен қамту орталығы, аудандық экономика және қаржы бөлімі, кірістер басқармасы, аудындық кәсіпкерлер палатасы, кәсіпкерлік және туризм бөлімі, аудан кәсіпкерлері, аудандық орталық аурухана ұжымы, тұтынушылар құқықтарын қорғау басқармасы, аудандық мұрағат мекемесі, халыққа қызмет көрсету орталығы, аудандық қазынашылық басқармасы, Құрманғазы желілік техникалық учаскесі, аудандық пошта байланыс торабы, Құрманғазы аграрлық-техникалық колледжі, аудандық білім бөлімі, Абай, Ломоносов, Әуезов, Бегәлиев мектептері мен З.Серікқалиұлы атындағы мектеп-интернаты лек-легімен обелискіге гүл дестелерін қойып, ерлікке, батырлар рухына тағзым етті.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521