Бас прокуратура Ақжарқын Тұрлыбайды қашан елге әкелу мүмкін екенін айтты

(0 Votes)

Бүгін мәжілістің жалпы отырысына келген бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов Қытай түрмесінде жатқан отандасымыз Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты тілшілердің сауалына жауап берді.

«Ақжарқын біздің елдің азаматы екенін білесіздер. Бүгінде ол үкімге шағым түсіру кезеңінде. Қытаймен сотталғандарды ұстап беру туралы екіжақты келісім бар. Біз Қытай сотының ақырғы үкімін күтеміз. Егер ақталған болса, ол өте жақсы болар еді. Ал сотталатын болса, оның тиісті өтініш құқығы бар. Апелляцияға жүгінеміз және біз оның әрі қарай Қазақстанда жазасын өтеуін ауыстыру туралы өтініш жіберуге құқымыз бар», - деді Марат Ахметжанов.

Айта кетейік, Ақжарқын Тұрлыбай 1994 жылы 21 ақпанда туған. Қыздың отбасы Түркістан облысында тұрады. Ол 2014 жылы наурызда Гуанчжоу әуежайында ұсталған болатын. Оған шекарадан 4,5 келі есірткіні алып өтпек болды деген айып тағылды. 2015 жылдың маусымында Қытай соты оны өмір бойына бас бостандығынан айырды. Сотта Ақжарқын шетелдік досы алдап кеткенін айтып, кінәсін мойындаған жоқ. Қазақстанның ҚХР-дағы елшісі Ақжарқынның түрмеде тігін тігіп, ағылшын тілін оқып жатқанын айтты. 2016 жылы сот шешімі жойылып, іс қайта қарауға жіберілді. Ақжарқынның анасы мемлекет басшысынан көмек сұрады. Жақында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға мемлекеттік сапары барысында осы ел түрмесінде жатқан отандасымыз Ақжарқын Тұрлыбайдың мәселесін көтерді.

 

 

BAQ.KZ

Фото: дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521