Балыққа-ауа, халыққа – балық қажет

(0 Votes)

Бұл жұмыс осынау шақта «Каспий таңы» өндірістік кооперативінде басталғалы үш апта шамасы уақыт өтті. Оған бір «МТЗ-80» тракторы, 15 балықшы бөлінген.

Замирбек Ермұханов бригадир бастаған атпал азаматтар Ғаділбек Тілеуғалиев, Ерболат Мұқамбетқалиев, Растанбек Изтелеуов, Ақылбек Изтелеуов, Өміржан Жұпарғалиев, тағы басқалары ұзындығы 20 метр, ені 10 метр көлемдегі ойықтарды күн сайын «Мальцево», «Кутуми», «Ленивий», «Затон», «Панкрашкин», «Калмычек» учаскелерінен оюмен айналысады.

Іс басында «Каспий таңы» өндірістік кооперативінің төрағасы Бақытжан Темиров, аудандық балық қорғау инспекциясының ихтиологі Таңатар Қуанәлиев болып жігіттермен бірге жүріп жұмыстың атқарылуын бақылайды. Ойықтарға адам, жан-жануарлар түспеуі үшін төрт жағына ұзын етіп бауланған қамыс сұғылады. Жігіттерге түстік басында ұйымдастырылады. Сөйтіп олар бағалы балық - байлығымыздың тұншығып қалмай еркін өсуіне тиімді жағдай туғызуда.

Сөз орайында айта кетсек, жаздың аптап ыстығында Замирбек Ермұхановтың бригадасы бөлініп қалған сулардан 2 миллион 992 балық өскіні - шабақтарды ұстап арналарға қосты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521