«Қазақстан балалары – шексіз әлемде»

Аудан тынысы

Жақында Қостанай қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруда «Қазақстан балалары – шексіз әлемде!» атты республикалық балалар кинофестивалі өтті.

Оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қосымша білім берудің республикалық оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырды. Мақсаты – киноиндустрия саласындағы жас таланттарды анықтау, оларға кәсіби бағыт-бағдар беру және қолдау. Оған республиканың түкпір-түкпірінен 143 үміткер қатысты.

2

Фестиваль аясында балалар мен мұғалімдерге шеберлік сабақтары және шығармашылық кештер ұйымдастырылды. Құрманғазы ауданынан бақтарын сынаған Абай, Ломоносов, Бегалиев атындағы жалпы орта мектептің оқушылары өздерінің шығармаларын әлеуметтік бейнеролик, киножурнал «Ералаш»,құжаттық Stop-motion-видео, анимация, бейнекөрініс, музыкалық бейнеролик номинациялары бойынша ұсынды.

Байқаудың қорытындысымен Атырау облысынан Stop-motion-видео номинациясы негізінде Абай жалпы орта мектебінің 8-сынып оқушысы С.Караменов І орынды иеленсе, Абай мектебінен Разихова Дильназ, Ломоносов, Бегалиев мектебінен Айкерім Кадырова,Ғалымғали Шахназар сертификаттармен марапатталды.

Қ.Қыдыршаева, Ломоносов атындағы жалпы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары