Атырауда жұмыссыз және көпбалалы аналарды торт пісіруге үйретеді

(0 Votes)

4 сәуірде Атырау сервис колледжінде «Сенің табысың – сенің қолыңда» («Твой успех – в твоих руках») атты ақысыз мастер – класстар өтеді.

Бір күндік курсқа көпбалалы аналар, жалғызбасты аналар және жұмыссыз әйелдер тіркеле алады. Ұйымдастырушылар 30 адамды қамтуды жоспарлап отыр. Курсты қаладағы белгілі визажист Бақыт Мырзағалиева, кондитер Динара Ахимова және тігінші Айзада Кенен өткізеді.

- Біз үйде жұмыссыз отырған аналарға көмектескіміз келеді. Алдағы кезде олар өз істерін ашуы да мүмкін. Қазір қандай салаларға сұраныс бар – мастер-класс өткізу үшін соларды таңдап алдық,-деп түсінік берді Динара Ахимова, «Алаш мәдениеті» ҚБ-нің төрайымы. – Мастер-класс кезінде қатысушылар күндізгі және кешкі макияж жасауды, «Вупи пай», «Молочная девочка» торттарын, сүзбе пирогын пісіруді, тігіп, пішуді үйренеді. Косметика, ингредиенттерді, жұмысқа қажетті құрал – саймандарды ұйымдастырушылар береді. Ауысымды аяқ киім мен алжапқышты қатысушылар өздері алып келуі тиіс.

Курсқа жазылу үшін келесідей телефондарға хабарласу қажет: 8702 232 86 12, 8775 370 00 99.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521