Ата-ана – бала тәрбиесінің айнасы

Аудан тынысы

«Айбөбек» бөбекжай балабақшасында «Қазіргі бала тәрбиесіндегі әке-ананың жауапкершілігі» атты жалпы ата-аналар конференциясы ұйымдастырылды.

Оның кіріспе бөлімінде әдіскер З.Шамарданова «Мектепке дейінгі ұйым мен отбасы ынтымақтастығының бала тәрбиесіндегі маңыздылығы және шетелдік тәжірибелерден біз не аламыз?» тақырыбына ақпараттық шолу жасады. Одан әрі, тәрбиеші Т.Жәпекова «Әке мен ана – бала тәрбиесіндегі басты тұлға» атты педагогикалық баяндама жасаса, тәрбиеші Ж.Айтжанова ата-аналармен тренинг өткізді.

Конференция барысында балабақша бүлдіршіндері өз өнерлерін ортаға салды.

 

А.Шакупова.