Асылхан халықаралық байқауда үздік өнер көрсетті

(0 Votes)

Ж.Нәжімеденов атындағы негізгі орта мектебінің өнерлі оқушысы Асылхан Әсетов жақында еліміздің астанасы Нұр-Сұлтан қаласында өткен халықаралық балалар шығармашылық байқауына қатысып, марапатқа ие болды.

Аталмыш байқау тұңғыш рет халықаралық деңгейде ұйымдастырылып, оған Түркия, Ресей, Белоруссия, Грузия, Тәжікстан елдерінен түрлі аспапты шебер меңгере білген ең мықты үміткерлер өзара бақтарын сынады. Асылхан бұл фестивальде қазақтың киелі аспабы домбыраның құлағында ойнап, жоғары деңгейде өнер көрсеткені үшін ҚР Білім және ғылым министрі К.Шәмшиденова мен «BY JULDYZAI» қайырымдылық қорының директоры Г.Исабаеваның қолдары қойылған дипломмен ұлығыланды.

f

Аталмыш жетістіктерді бағындыруда ол бірнеше кезеңдерден өтті. Бұл жөнінде Ғ.Әліпов ауылының тұрғыны, әжесі Зоя Елеусіновамен тілдескен едік. – Жиенім Асылханды кішкентай кезінен өзім бағып, қатарынан қалдырмай келемін. Саулығының кінәраты болса да домбыра тартуға әуестігі ерте байқалды. Бастауыш сыныптан бастап мектепте домбыра үйрімесіне қатысып, сахнада өнер көрсетіп жүрді. Биылғы жылы ол білім алуда ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған XIY халықаралық шығармашылық фестивалі аясында облыстық, республикалық іріктеу кезеңдерде топ жарып, оның қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласына шақырту алды.

f

Бүгінде Елорданың көрікті жерлеріне саяхат жасап, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен жүздесіп, шет елдерден келген балғындармен танысып, достық қарым-қатынаста болған Асылханымның қуанышында шек жоқ. Оған осындай мүмкіндік туғызып, өнер жолына енді ғана қанат қаққан жасқа қолдау білдірген аудан әкімінің орынбасары Өркен Сержанұлына, Дыңғызыл ауылдық округінің әкімі Оралбай Азимовқа, Руслан Хасантаев бастаған мектеп ұжымына,«BY JULDYZAI»фестиваліне жиенімді дайындаған жетекші мұғалімі Жанар Сналбековаға, мектеп психологы Жібек Жақсылықоваға әжелік риясызалғысымды білдіріп, ақ батамды беремін, - дейді көңілі толқыған әже бізбен әңгімесінде.

f

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521