Алматыдан – жүлдемен

(0 Votes)

Алматы қаласында «Бақытты елдің ұрпағы» қорының ұйымдастыруымен өткен «Дала сазы» атты республикалық байқауда ауданымыздағы қосымша білім беру ұйымдарының бірі Дәулеткерей атындағы балалар музыка мектебінің оқушылары топ жарып, жүлдемен оралды.

Әсіресе, вокал, дәстүрлі ән, қобыз номинациялары бойынша жоғары жетістіктерден көрінді. Енді осы мектептің Хиуаз, Ақкөл, Жыланды ауылындағы филиалдарының өнерпаздары халықаралық байқауға жолдама алды.

Алматы қаласындағы Оқушылар сарайында өткен аталмыш байқауда Ғизат Мағжан қобыз номинациясы бойынша бас жүлде иеленсе, «Жайық сазы» қобызшылар квартеті 3 орынды қанжығаларына байлады. Дәстүрлі ән номинациясында «Інжу-маржан» дуэті, Ботагөз Парасатқызы І орыннан, Зарина Сапарова ІІ орын, вокал номинациясында Іңкәр Ерланқызы ІІ орыннан көрінді.

Шәкірттерінің осындай биіктерді бағындыруларына дәстүрлі ән пәнінің мұғалімі Нұрболат Исаев, қобызшы Гүлайым Селеуова, вокал пәнінің мұғалімі Айнұр Кәкішеваның еңбектері зор.

Ж.Ахмурзина, ата-ана

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521