«Алғыс айтам әлемге шын жүректен!»

Аудан тынысы

Оқушылардың бойында рухани-адамгершілікті дамыту, барлық этностың бір-біріне және қазақтарға алғыс айтуын дәріптеу мақсатында М.Әуезов атындағы жалпы орта мектептің ұжымы мерекелік акция ұйымдастырды.

С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінің алдында «Аппақ таза, адал ниет тілекпен, Алғыс айтам әлемге шын жүректен!» деп ұрандатқан оқушылар мерекелік көңіл-күймен әндерін айтты. Жолдың бойымен өтіп бара жатқан адамдарға ашық хат пен алқызыл шарларды естелікке сыйлап, жылы лебіздерін білдірді.

А.Шакупова.