Айбек – жаңашыл ұстаз

(0 Votes)

ҚР Білім және ғылым министрілігінің қолдауымен жас педагогтардың мәртебесін көтеру мақсатында «Жастар жылы» аясында «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» ІІІ республикалық байқау өткізілді.

Онда З.Серікқалиұлы атындағы мектеп-интернатының тарих пәні мұғалімі Айбек Өтепов бағын сынап, аудандық, облыстық кезеңдерде жеңімпаз атанып республикалық кезеңге жолдама алды. Ол Щучинск қаласында орналасқан «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында өткен байқауда облысымыздың намысын қорғады.

Аталған сайысқа қатысуға еліміздің барлық өңірінен 57 жас педагог ниет білдірді. Үш күнге созылған додада Айбек өз пәні бойынша ашық сабақ жүргізіп, келесі кезеңде ауданымызды таныстырды. Қорытындысында үздік деп танылған 19 жас ұстаз марапатталып, жерлесімізге сертификат пен алғыс хат табысталды. Сонымен қатар, дәстүрге сай жыл сайын өтетін «Үздік жас ұстаз» республикалық форумына арнайы шақырту алып, білім беру жүйесін дамытуда қосқан үлесі үшін тағы да марапатқа ие болды.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521