АИТВ-ны жұқтырған жүкті әйелдердің саны өсуде

(0 Votes)

Қазіргі уақытта АИТВ жұқпасының жыныстық жолмен таралуы артуда, соның салдарынан оны жұқтырған жүкті әйелдердің және балалардың саны күрт өсуде.

Егер вирусқа қарсы ем жүргізілмесе АИТВ жұқпасының анадан балаға жұғу қаупі және ауру деңгейі 20-45 пайызға дейін жоғарылайды. Ең үлкен қауіп жүктіліктің соңғы апталарында және босану кезінде болады. Жүктілік кезінде әйелдің қан айналымы арқылы вирус плацентадан ұрыққа енуі мүмкін.

Қазіргі заманғы медицина және қолжетімді дәрілік заттар АИТВ жұқпасы бар әйелдерге дені сау балаларды тууға мүмкіндік береді. АИТВ індетінің таралуының, анадан балаға берілуінің алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасы бойынша және соның негізінде Атырау облысында ЖИТС індетіне қарсы іс-қимыл жөнінде бағдарлама қабылданды. Осы бағдарлама негізінде, АИТВ-ның анадан балаға берілуінің алдын алу жөніндегі кешенді жоспары жасақталды. Атап айтқанда: жүкті әйелдер босанғанға дейін екі рет АИТВ жұқпасына тексеріліп, оларға психоәлеуметтік кеңес беріледі. Бала туу жасындағы және жүкті әйелдер үшін АИТВ жұқпасына экспресс-диагностикалау енгізілді. АИТВ жұқтырған әйелдерге жүктілікті тоқтатуға мүмкіндік берілген. Жұқпа жұқтырған жүкті әйелдерге босану кезеңінде және нәрестені жұқпадан қорғау мақсатында антиретровирустық ем жүргізіледі.

Т.Нұрмұханова, зертхана дәрігері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521