Ақсақалдар ертелетіп жетті

(0 Votes)

Жалпы ауданымыз бойынша 19 округте орналасқан сайлау учаскелері талапқа сай жабдықталған.

Өздігінен қатыса алмайтындардың үйден дауыс беруі ұйымдастырылған. Құрманғазы ауылдық округіндегі «Өркен» бөбекжай балабақшасында орналасқан №172 сайлау учаскесінің төрағасы Сағындық Мұратовтың айтуынша өздеріндегі тізімде 1346 адам бар. Таңертеңгі мезгіл екеніне қарамастан 198 адам дауыс беріп үлгерген. Сайлаушылар келіп жатыр. Тұрғындар өз таңдауын жасап қалуға асыққандай. Осыдан-ақ сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының оң нәтижесі байқалғандай. Мұнда бақылаушы ретінде «Азаматтық платформа» штабының сайлауға мониторинг жүргізушісі Алина Қазимова, «Нұр Отаннан» Күншығар Рамазанов, Амангелді Таспиховтың штабынан Ардақ Хасанова қатысты.

Ауданымыздағы екінші үлкен округ Ақкөлде (халық саны 5332 адам) тұрғындар №181, №182 сайлау учаскелері арқылы еліміздің болашақ Президентін анықтауға белсене үлес қосқан. Мұнда ең бірінші болып дауыс беруге теміржол депосының қызметкері Алена Әдиева келген. Қиғаш бойында да сайлау ұйымшылдықпен өткенін естіп жатырмыз. Бір мысал келтірсек, Бірлік ауылдық округіндегі №193, №194 сайлау учаскелері Бірлік және Амангелді ауылдарын қамтыған. Округ бойынша 15797 сайлаушы болса, соның 856-сы Бірлік, 186-сы Амангелді ауылынан дауыс берген. Жоғарыда аталған учаскелер бойынша Русланбек Садихов, зейнеткерлер Галя Жәлелова, Рауила Фазылова алғашқы болып дауыс бергендер қатарында. Дауыс беру кешкі 20.00-де аяқталған. Ешқандай заң бұзушылықтар орын алмаған.

Қыр бойынан да дерек бере кетейік. Алыстағы Азғырда да сайлау өз дәрежесінде ұйымдастырылған. Мұнда дауыс беру №195 (Балқұдық), №196 (Азғыр), №198 (Қоңыртерек) учаскелері бойынша жүзеге асқан. Тұрғындар белсенділігі жақсы, 80 пайыздан аса адам өз таңдауын жасаған. Ауданымызда сайлау бола қалса, ел тағдырына бейжай қарай алмайтын үлкендеріміз бірінші барып дауыс беріп, үлгі көрсететін жақсы дәстүр қалыптасқан. Сол үрдіс жалғасын тауып, ауыл ақсақалдары Сатыбалды Бакаров, Жүсіп Жәбелов ертемен келіп, шыны жәшіктерге бюллетендерін салған. Аталған үш учаскеде «Нұр Отан» партиясы мен «Аманат» қоғамдық бақылау платформасы штабынан бақылаушылар қатысқан. 2769 тұрғыны бар Сүйіндік ауылдық округінде №199, №200, №201, №203 сайлау учаскелері орын тепкен. Округке қарасты Сүйіндік, Батырбек, Егінқұдық елді мекендерінде орналасқан аталған учаскелерге халық ертемен келе бастаған. Жоғарыда аталған учаскелерде «Нұр Отан» партиясынан бақылаушылар болған.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521