Ақмола облысында АН-2 ұшағы апатқа ұшырады

(0 Votes)

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақмола облысында АН-2 ұшағы апатқа ұшырады. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«20 маусымда сағат шамамен 10-00-де Ақмола облысының Целиноград ауданына қарасты Родина ауылынан 10 шақырым жерде егістік алқабын химиялық өңдеп жүрген АН-2 ұшағы апатқа ұшырады. Апат салдарынан ұшақ ұшқышы қаза тауып, 2 экипаж мүшесі жарақат пен күйік шалып, ауруханаға жеткізілді.Ұшақтың құлау себебі анықталып жатыр», - деді ол.

ҚазАқпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521