Ақ халаттылардан - 889 мың теңге

Аудан тынысы

Ауданның ақ халаттылары жиналыс өткізіпті, Арыстағы қиналып жатқан ағайынға көмек қолын созу мәселесімен деген хабарды естіген бойда ұялы телефонымызды іске қосып, Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Гүлсара Мүтиева ханыммен хабарластық.

– Иә, бұл жағдайды естігенде тұла бойымыз түршікті. Телдидар хабары да жан қиналысымызды еселей түсті. Содан не керек, ұжым мүшелері бірлесіп, жиналысымызды өткізіп, аудан бойынша денсаулық сақшылары бір күндік еңбек ақымызды Арыстағы жапа шеккен бауырлар үшін ашылған қорға аударуға деп ұйғардық. Ол-889 мың теңгені құрады. Осы қаржы қазір аударылып кетті.

Арамызда өз себебімнен қайыра көмек жасаймын-ды айтып жатқан елжандылар табылуда. Қысқасы, бастарына қиындық түскен Арыстық ағайындарға аудан дәрігерлері мен мейірбикелері, осы салада істейтін барлық қызметкерлер өз еріктерімен мейірімділік танытуды бастап кетті. Алғашқы нәтиже әлгіндегідей,- деді сала басшысы Гүлсара Мүтиева.

Ауданның басқа да бөлімдері мен ұжымдарында осы сынды үлкен қозғалыс бар. Баршасы да “көп түкірсе-көл” дегендей әйтеуір көмектесіп қалуды адами борыштары санауда. Бәрекелді, елдігіміздің айрықша көрініс бергені жүрекке жылылық ұялатты.

Т.Дәрелұлы