100 000 теңге қаржылай аударды

Аудан тынысы

Арыс қаласындағы төтенше оқиға халқымызға тиген тағы бір ауыр соққы болды.

Жанашырлық танытқан азаматтар топ-топпен барып жәрдемдесіп, көмек көрсетуден аянып қалмады. Бұл ретте ауданымыздағы белді ұжымдардың бірі «Сұңқар» ЖШС-нің қызметкерлері зардап шеккен тұрғындарды қолдау жөніндегі «Арыс, біз біргеміз!» атты жалпықазақстандық акциясына үн қосуды өздерінің азаматтық борыштары санап, арнайы есепшотқа 100 000 теңге қаржылай ақша аударды.

Г.Бралиева